Василий Левит бокстан әлем чемпионатының 1/8 айналымына өтті

828

Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін словакиялық Давид Михалекпен өткізген Левит қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.  

Василий Левит бокстан әлем чемпионатының 1/8 айналымына өтті

Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан әлем чемпионатының 1/8 айналымына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін словакиялық Давид Михалекпен өткізген Левит қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

91 келіде жұдырықтасқан Василий Левитке төрешілер жеңісті бірауыздан берді. 

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері командаластары Қайрат Ерәлиев, Зәкір Сафиуллин, Сәкен Бибосынов және Бекзат Нұрдәулетовпен бірге 1/8 айналымда бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу