Василий Левит финалға қатыспайды

676

Василий Левит финалға қатыспайды

"Astana Arlans" командасының 91 келі салмақ дәрежесіндегі спортшысы Василий Левит Дүниежүзілік бокс сериясының финалына қатыса алмайды, деп хабарлады Sports.kz.

Спорт порталының хабарлауынша, Левит жарақат алған, оның қолында сынық жарақаты бар, қазір спортшы гипспен жүр.

"Cuba Domadores" клубына қарсы айқаста Левит турнирдің соңғы екі жекпе-жегінде ұтылып қалған Антон Пинчуктің орнына шығуы керек болатын.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) VII маусымындағы "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасындағы финалдық жекпе-жек 15 шілдеде Астанадағы "Қазақстан" спорт кешенінде өтеді.

"Астана арландары" 2013 және 2015 жылдары чемпион атанды. Ал алғашқы 2011 жылы финалда Франция боксшыларына бір ғана есеп айырмашылығымен есе жіберіп, күміс медальді қанжығаға байлады. 2012, 2014 және 2016 жылдары үздік үштікті түйіндеп, қола медальға қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу