Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды olympic.kz.
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Левит ҚР Президенті Кубогының 1/8 финалда үндістандық Санжит Санжитпен айқасты.
Екінші раундта қазақстандықтың сәтті шабуылынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді. Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі.
Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Жыл сайынғы турнирге 15 елдің әуесқой боксшылары қатысады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        