Василий Левит кіші әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

611

Василий Левит кіші әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Германияның Галле қаласында өткен кіші әлем біріншілігіне баланатын халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

91 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық айқаста Левит ресейлік Владимир Узунянмен кездескен болатын. Жекпе-жектің қорытындысында отандасымыз төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы турнирде тағы үш бірдей боксшымыз алтын жүлде олжалады. Тарқатып айтсақ, 52 келідегі Азамат Исақұлов финалда ресейлік овик Оганесяннан 4:1 есебімен айласын асырса, 75 келідегі Әбілхан Аманқұл голландиялық Макс ван дер Пастан үшінші раундта техникалық нокаутпен үстем түсті. Ал аса ауыр салмақтағы (+91 келі) былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев украиналық Андре Городецкиді 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір отандасымыз, 69 келіде сынға түскен Абылайхан Жүсіпов финалдан германиялық Аббас Бараудан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу