Василий Левит президент кубогында финалға өтті

709

Василий Левит президент кубогында финалға өтті

2016 жылғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит (92 келіге дейін) Астанада  өткен президент кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

29 жастағы қазақстандық 20 жастағы Азизи Мохаммадты ұпай айырмасымен жеңіп, ақтық сынға шығып отыр. Левиттің қарсыласы үндістандық Чауан Гаурав пен қазақстандық Әділет Орынбасаровтың жекпе-жегінен кейін белгілі болады. 

Сонымен қатар, осы турнирде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға кімдердің шыққаны анықталды. Қазақстандық Нұрдәулет Жарманов жартылай финалда кореялық Ян Хе Юнудан жеңілді, ал тағы бір отандасымыз, жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері Бек Нұрмағанбет қырғызстандық Еркін Әділбекуулын жеңді. 

Еске салайық, бокстан халықаралық "Президент кубогы" турнирі Астанада өтіп жатыр. Турнирде 13 салмақ дәрежесі бойынша (10 ерлер арасында және 3 әйелдер арасында) өту үстінде. Жарыс финалы 10 маусымда Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу