Василий Скляр Павлодар облысының полиция департаментіне басшы болып тағайындалды

1586

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Василий Скляр Павлодар облысының полиция департаментіне басшы болып тағайындалды

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді. Заңгер, құқық магистрі.

Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы, қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласының полиция басқармасын басқарды. Арнайы атағы – полиция полковнигі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу