Василий Жиров: Мен қайда керек болсам, сонда жұмыс істеймін

947

Василий Жиров: Мен қайда керек болсам, сонда жұмыс істеймін

1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, әуесқойлар арасында Вэл Баркер Кубогының жеңімпазы, кәсіпқой бокста IBF нұсқасының бұрынғы әлем чемпионы, қазақ бокс мектебінің өкілі Василий Жиров қайтадан бапкерлік қызметке кірісті, деп хабарлайды vesti.kz.

Ол АҚШ-тың Аризона штатындағы Скоттсдейл қаласында орналасқан Scottsdale Boxing Gym спорт залында жаттықтырады.

Әлеуметтік желіде қойылған бапкерлік қызметін неліктен Қазақстанда жүргізбей жатқаны жайлы сұраққа Василий Жиров: "Мен қайда керек болсам, сонда жұмыс істеймін", – деп жауап берген.

Еске сала кетсек, 2017 жылы боксшы Қазақстанға келіп, Балқаш пен Қарағандыны аралап көрген. Бірақ оның Қазақстанда жұмыс істеу жоспарына жергілікті спорт шенеуніктерінен жауап болмаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу