Мұны өз кезегінде Трамп та, Сибига да айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі күні Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің байланысы көп ел басшыларын толғандырады. Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига да Брюссельде өткен кездесуде Киев бұған мүдделі екенін растаған.
– Мемлекет басшыларының мүмкін болатын байланысын ұйымдастыру туралы ұсыныс Ватикан тарапынан жасалғанын растай аламын, – деген ол Euronews-ке берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Сибига Украина мұндай кездесуді өткізуге ықтимал орындарды қарастыруға дайын екеніне басымдық беріп отыр.
Оның сөзінше, президент Зеленский Дональд Трамппен кездескісі келеді. Осыған дейін АҚШ-тың президенті бір күнде Зеленскиймен де, Путинмен де телефон арқылы сөйлескен еді.
Ресей басшысымен екі сағатқа созылған сөйлесуден соң Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Мәскеу мен Киевтің жедел түрде келіссөздерге кірісетініне сенімді болған-ды.
Әрі кездесуді ұйымдастыруға Ватикан мен Рим папасы мүдделі екенін айтап өтті.
Ол "Процесс басталсын!" деп қорытындылады сөзін.
Бұған дейін Ватиканда жаңа понтификтің таққа отыру рәсімі өтті. Онда жаңа Папа Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа алаңдаушылығын білдірді.