Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды

1006

Берілген тапсырмалардың орындалуы Үкімет тарапынан тұрақты бақылауға алынады.   

Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан халқы тарапынан бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға ал мәселесі қаралды.

"Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек", - деді Е.Тоғжанов

Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды:

  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету (қызметкерлердің  50% қолдану);
  • жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
  • әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
  • қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде бетпердесі бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;
  • қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу