Ведомствоаралық жұмыс тобы Астананың тергеу изоляторына барды

495

Топ мүшелері сонымен қатар Алматы ауданының ІІБ мен сотында да болды.

Ведомствоаралық жұмыс тобы Астананың тергеу изоляторына барды Фото: gov.kz

Көшпелі отырыс бас прокуратураның "Электрондық қылмыстық іс" ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ топ мүшелері Алматы ауданының ІІБ мен сотына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Топ құрамында Астана қалалық сотының судьясы Ш.Ерғалиева, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары М.Шекимов, Алматы ауданы прокурорының орынбасары Н.Тұрысбеков бар.

Көшпелі жиында тергеудің барлық кезеңдерінде практикалық көмек көрсету және істерді сотқа электрондық форматта жіберу жайы сараланып, бақылау мақсатында жүзеге асырылды. Іс-шараға қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімшесінің басшылары да қатысты. Кездесу барысында тәжірибе жүзінде қолдану үшін орталық ведомстволарға жіберілетін нақты ұсыныстар әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу