Велосаяхатшы: Астана - алыс жолдағы ең ұмытпайтын қалам болды

776

Велосаяхатшы: Астана - алыс жолдағы ең ұмытпайтын қалам болды

Грузиядан халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы қаншама шақырым велосипедпен жүріп келген мейман Нодар Беридзені елордалық Қазақстан халық ассамблеясы мен жастар саясаты жөніндегі басқармасының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Сондай-ақ екі дөңгелекті көлікпен келген қонақты "Колхети" қоғамдық этно-мәдени орталығының өкілдері, ЭКСПО еріктілері, жас велошабандоздар күтіп алды.

Нодар Беридзе Қазақстан, Астана туралы өз әсерімен бөлісті. Қазақстанға келудегі оның басты мақсаты халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесін көру болған. Оны шараның кең ауқымы, Астананың футуристік әдемілігі таңғалдырғанын айтады Астана қаласының ҚХА өкілдері.

Велошабандоз өзінің "Әлем жолы" веломарафоны аясында 850 күн ішінде 30 елді аралап, 50 мың шақырымды жүріп өтуді жоспарлап отыр.

"Астана - алыс жолдағы ең есімде қалған қала болды. Менің саяхатым Барселонада аяқталады", - дейді Нодар Беридзе.
Шараны ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануға жетелейтін тамаша үлгі болады дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу