"Алматы турының - 2017" веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанды, деп хабарлайды vesti.kz.
Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді. Алексей мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші орынға француз Реми де Григорио ие болды. Үшінші болып мәре сызығын ирандық Мирсамад Пур Сейед Голакхур кесті.
"Астана" велоклубы спортшыларының бірі Бақтияр Қожатаев мәре сызығына төртінші болып жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу