Велосипедпен Астанадан Парижге барып қайтқан көзі нашар көретін жандарға құрмет көрсетілді

735

Рухы мықты азаматтар мұнымен шектелмек емес. Олар ел ішіндегі тарихи орындарға және Жапония мен Қытайға бармақшы.

Велосипедпен Астанадан Парижге барып қайтқан көзі нашар көретін жандарға құрмет көрсетілді

Тамыздың басында зағип және нашар көретін 6 велошабандоз елордадан бастау алған веложарысты Париждегі Эйфель мұнарасында аяқтады. Бүгін астана әкімдігінде ұзақ та қиын жол жүріп өткен велошабандоздарды қабылдап, құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада бірнеше жылдан бері "Астана - рухы мықты адамдар қаласы" атты арнайы бағдарлама бар, ол осындай шеру секілді бастамаларды қолдауға әзірленген және бұл бастама ары қарай да жалғасады деп сендірді. Өз кезегінде веломарафонның команда капитаны Бақтияр Базарбеков көрсеткен қолдауы үшін қала әкімдігіне алғысын білдірді.

"Команда атынан сізге велошеруімізді ұйымдастыру жағынан және қаржылай қолдау білдіргеніңізге алғыс білдіремін. Шын мәнінде ұйымдастыру жоғары деңгейде болды және бізге бұдан да ауқымды армандарға жетуге мақсат қоюға мүмкіндік берді", - деді Бақтияр Базарбеков.

Рухы мықты азаматтар мұнымен шектелмек емес. Олар ел ішіндегі тарихи орындарға және Жапония мен Қытайға бармақшы. Астана әкімдігі Жібек жолы қалалары форумында Астананы таныстыруға шақырды, ал велошерушілер ұсынысты қуанышпен құп алды.

Еске сала кетейік, веломарафон Астанадан 4 тамыз күні "Blind Race Astana – Paris" атауымен "Шекарасыз спорт" әлеуметтік жобасы аясында бастау алған. Спортшылар үш ай аралығында бес мың шақырымды жүріп өтіп, 8 қыркүйек күні Париж қаласындағы Эйфель мұнарасы алдында аяқтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу