Велосипедшілерге қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге рұқсат етілді

955

Велосипедшілерге қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге рұқсат етілді

Велосипедшілерге қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге рұқсат етілді. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Сонымен қатар, көліктің қысқы дөңгелегі темір тікенекті болса, артқы терезеге арнайы белгі жапсыру міндетті емес. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген заң бойынша көшедегі жолақтарда әртүрлі жылдамдықта жүйіткуге болады. Мысалы, ортасында сағатына 60 шақырыммен, сол жақ шеткі жолақпен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүретіндей өзгермек. Бұл үшін жақын арада арнайы белгі де орнатылатын болады.

"Өзгертілген заңда жол потрульдік полициясы көлік иесін тоқтатса, жолаушының кетіп қалуына тыйым салынған. Сондай-ақ, өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында бірнеше көшелерде жүргіншілерге басымдылық беріліп, өзгертілді. Біз мегаполис көшелерін бақылап, анализ жасаймыз. Қай көшелерде жол апаты көп болады, сол орындарға бейнебақылау камераларын орнатып жатырмыз", - деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу