Велоспортшылар Токио олимпидасына 3 лицензия ұтып алды

645

Велоспорттан Қазақстан командасы 2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет төртжылдық додасына үш лицензия жеңіп алды.  

 Велоспортшылар Токио олимпидасына 3 лицензия ұтып алды

Халықаралық велосипедшілер одағының рейтингісіне сәйкес, Қазақстан 3259,35 ұпай жинап, 19-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бас бапкер Асан Базаевтың айтуынша, іріктеу ережесіне сәйкес Токио ойындарына үш спортшы апаруына мүмкіндік бар. 

"Шын мәнінде, бұл біз үшін тарихи жағдай. Соңғы үш Олимпиада ойындарында біз осынша лицензия алмағанбыз. Сондықтан, біз үшін бұл жақсы нәтиже деп ауыз толтырып айта аламын. Команданың көрсеткіші толығымен көңілден шығады. Әрине, мұндай жетістікке жету үшін үздік спортшымыз Алексей Луценконың қосқан үлесі зор. Бір жыл бойы ұпайға таласқан командадағы өзге шабандоздардың да еңбегін жоққа шығармаймын. Жігіттердің барлығы да жоғары деңгейде жұмыс істеді. Жеңісіміз де көп болды. Ендігі жоспардың барлығы тікелей Олимпиада ойындарымен байланысты. Токиоға дайындық жоспарын түземіз. Оның ішінде биік тау деңгейінде өтетін жаттығу жиындры бар. Таудағы жиын Олимпиада қарсаңында өтеді. Команда құрамы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Жаңа маусым әлі басталған жоқ. Спортшыларымыз азғантай үзілістен енді оралып жатыр. Олимпиада ойындарына қатысатын нақты құрамды Токиодағы дода жақындаған тұста айтамыз. Бізді тынымсыз дайындық күтіп тұр. Өз әлеуетімізді көрсететін мүмкіндік бар. Луценко нағыз бабында. Сондықтан, тек алға ұмтыламыз", – деді Базабаев. 

2020 жылғы Токио Олимпиадасында үш қазақстандық велошабандоз топтық жарыста бақ сынайды. Сондай-ақ, олардың бірі жекелей жарысқа қатысады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу