Велоспорттан Артем Захаров халықаралық турнирде жеңіске жетті

386

Сондай-ақ, турнирде Руслан Елубаев скретчте төртінші болып келді

Велоспорттан Артем Захаров халықаралық турнирде жеңіске жетті Фото: prosports.kz

 

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Артем Захаров Чехия астанасы Прагада өткен GP Framar халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Артем Захаров омниумде алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, турнирде Руслан Елубаев скретчте төртінші болып келді.

Ұпай бойынша топтық жарыста Артем Захаров – төртінші, ал Рамис Дінмұхаметов алтыншы орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу