Велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы "алтын" түсті

739

Командалық жарыста біздің құрама спортшылары чемпион атанды.

Велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы "алтын" түсті

Өзбекстан астанасы Ташкентте велоспорттан Азия чемпионаты басталып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарыс жолына Қазақстан сапынан төмендегі спортшылар шықты:

Юрий Натаров, Артем Захаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых. 

Ерлер арасындағы сында күміс жүлдені Оңтүстік Корея, қола медальді Гонконг командалары жеңіп алған. 

Сондай-ақ, Қазақстан қыздар командасы құрлық додасының күміс жүлдегері атанды. Қазақстан намысын Наталья Сайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак және Жанерке Санақбаева қорғады. 

Қыздарымыз Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, Гонконг спортшыларынан озып кетті. 

Еске сала кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы басты фавориттердің бірі саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу