Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды

517

Жоспар бойынша 2020 жылғы Азия чемпионаты Малайзияның Кибеоджайя қаласында өтуге тиіс еді. 

Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды Фото: olympic.kz

Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия велоспорт конфедерациясының хабарлауынша, 2020 жылғы құрлықтық біріншілік болмайды. Конфедерацияның мұндай шешім қабылдауына Covid-19 пандемиясы себеп болған.

Айта кетерлігі, бастапқыда дода 17-22 наурыз күндеріне жоспарланған болатын. Одан кейін белгісіз мерзімге шегерілген. Жоспар бойынша 2020 жылғы Азия чемпионаты Малайзияның Кибеоджайя қаласында өтуге тиіс еді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу