Велоспорттан Қазақстан командасы 3 жолдама жеңіп алды

1063

2020 жылғы Олимпиада ойындарында 197 велошабандоз сынға түседі (130 ер адам, 67 әйел адам).      

Велоспорттан Қазақстан командасы 3 жолдама жеңіп алды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі (2018 жылдың 22 қазаны – 2019 жылдың 22 қазаны аралығы). Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған. 

Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдық додасына үш спортшы жіберуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 2004 жылдан бері біздің команда топтық сынға жолдама алып отыр. 

Бүгін, 16 қараша күні Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) Қазақстан құрамасының үш жолдама иеленгенін ресми түрде бекітті. Айта кетелік, квота жекелеген спортшыларға емес, командаға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу