Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан тректегі велоспорттан Қазақстан Спартакиадасында кезекті жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасындағы спринтте Қазақстан командасының үздігі Павел Воржев топ жарды. Екінші және үшінші орында Андрей Чугай мен Сергей Пономарев өзара бөліскен.
Әйелдер арасындағы спринтерлер сынында Анастасия Шаповалова алтын жүлдегер атанса, Жанерке Санақбаева мен Алена Абрамчук тиісінше күміс және қола жүлдеге иелік етті.
Ерлер арасындағы командалық із кесу жарысында Қызылорда облысы қара үзіп кетті. Екінші орынды Қостанай облысының командасы, үшінші орынды Нұр-Сұлтан спортшылары еншіледі.
Бұл бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста Алматы облысы көш бастады. СҚО және Нұр-Сұлтан командалары екінші және үшінші орында.