Түркияның Алания қаласында велоспорттан әйелдер арасындағы Гран -при турнирі өтуде. Бүгін спортшылар 88,8 шақырымға жарысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Турнирде қазақстандықтар арасынан ең жоғары нәтижені Жанерке Санақбаева тіркеді. Ол мәре сызығын жетінші болып кескен. Махаббат Үмітжанова 24-ші, Наталья Сайфутдинова 40-шы, Рината Султанова 41-ші, Светлана Пащенко 43-ші, Кристина Бекенова 56-шы, Фаина Потапова 62-ші орында.
Бұл сында алтын мен күмісті Беларусь спортшылары, қоланы ресейлік велоспортшы иеленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу