Велотректен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті.    

Велотректен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті Фото: gov.kz

Топтан тыс қалу жарысында Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге ие болды. Осы бағдарламада әйелдер арасында Ұлттық құрама көшбасшысы Рината Сұлтанова жүлдеге қол созым жерде қалып, төртінші орынға табан тіреді.

Ал спринтте Дмитрий Резанов мәреге 10-шы, Андрей Чугай 13-болып жетті.

Айта кетейік, Рамис былтыр Малайзияда өткен сары құрлық додасында жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль иеленген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу