Велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді

711

Бүгін Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы үш қашықтықта сынға түседі. 

Велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәтті өнер көрсетуде. Кешегі жарыс күнінде жас спортшыларымыз үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жасөспірім қыздар командасы омниум бойынша қола жүлдегер атанды. Естеріңізде болса, жарыстың алғашқы күніндегі із кесу сайысында біздің құрама чемпион атанған болатын. 

Жасөспірім ерлер кейриннен командалық жарыста Жапония құрамасына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, жасөспірімдер командалық із кесу сынында үздік үштікке енді. 

Ерлер командасының олимпиадалық спринтте қола медаль жеңіп алғанын естеріңізге саламыз. 

Бүгін Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы үш қашықтықта сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу