Велотректен Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетті

1449

Жарыста еліміздің 13 аймағынан келген 152 спортшы бақ сынады. 

Велотректен Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетті

24-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда тректегі велоспорттың темптік және спринттік түрлерінен еліміздің қысқы біріншілігі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық чемпионатқа жасөспірімдер мен ересектер қатысқан болатын. 

Кейрин бойынша ерлер арасында Андрей Чугай топ жарса, спринттен Сергей Пономарев чемпион атанды. 

Мэдисоннан топтық жарыста Светлана Пащенко мен Анжела Соловьева жеңіске жетті. Ал ерлер арасында Рамис Дінмұхамедов пен Дмитрий Потапенко көш бастады. 

Із кесуден командалық жарыста Рамис Дінмұхамедов, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков және Дмитрий Потапенко Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. 

Әйелдер арасында Бота Батырбекова, Вероника Мырксина, Светлана Пащенко, Фаина Потапова алтын жүлдегер атанды. 

Із кесуден жекелей сында Әлішер Жұмақан жеңіске жетсе, әйелдер арасында Марина Кузьминаға тең келер ешкім болған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу