Венадағы атыс кезінде екі адам қаза тапты

399

Австрия канцлері Себастьян Курц шабуылды лаңкестік деп таныды.

Венадағы атыс кезінде екі адам қаза тапты Фото: ria.ru

2 қарашада Австрия астанасы Вена қаласында қару асынған бірнеше адам атыс ашып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың қатарында полиция қызметкерлері бар. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Тәртіп сақшылары шабуыл жасағандардың бірін жер жастандырған. Қазір қалғандары іздестіріліп жатыр. Австрия канцлері Себастьян Курц шабуылды лаңкестік деп таныды. Қаскөйлердің мұндай әрекетке неліктен барғаны анықталып жатыр. 

Осы оқиғадан кейін жергілікті билік тұрғындарға қоғамдық орындарға бармауға кеңес берді. Мектеп оқушылары сабақтан босатылды. Сонымен қатар Австрия шекарадағы бақылауды күшейтіп, арнайы операцияны бастап кетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу