Венеция 18 сәуірден бастап туризм салығын қайта енгізеді

130

Бұл бастама туристер ағынын реттеу және қаланың тарихи орталығына түсетін жүктемені азайту мақсатында қолға алынған. 

Венеция 18 сәуірден бастап туризм салығын қайта енгізеді Фото: MojaPl

18 сәуірден бастап Венеция туристік салықты қайта жинай бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Басты өзгеріс – билет құнын алдын ала төлемеген туристер үшін тариф екі есе артады. Яғни, қалаға кіруге үш күн бұрын билет алғандар 5 еуро төлесе, соңғы сәтте алғандар үшін бұл сома 10 еуроны құрайды.

Биыл төлем алынатын күндер саны 54-ке дейін көбейтілді. Ол негізінен 18 сәуір мен 27 шілде аралығындағы демалыс күндеріне сәйкес келеді. Салық жергілікті уақыт бойынша сағат 8:30-дан 16:00-ге дейін күшінде болады.

Туристерге QR-код беріледі, оны қалаға кіру нүктелерінде – мысалы, Венеция Санта-Лючия теміржол вокзалында – тексерушілерге көрсету қажет.

Кімдер босатылады:

  • Қалада бір түн немесе одан көп уақытқа қонақүйге тоқтағандар

  • Венето аймағынан келген тұрғындар

  • 14 жасқа дейінгі балалар

Алайда, тіпті қонақүйде түнейтін туристер де арнайы сайтта алдын ала тіркелуі тиіс.

2023 жылы Венеция 3,9 миллионнан астам қонақты қабылдады. Жалпы, қалаға жыл сайын шамамен 30 миллион адам келеді, олардың көпшілігі – бір күнге келетін туристер. Жаңа шаралар осындай туристік қысымды азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу