Венеция каналдарындағы су тартылып жатыр

950

Соңғы күндері Венеция каналдарындағы су деңгейі қатты төмендеді. Салдарынан  су көлігінің — таксилер, гондолалар мен қайықтарды пайдаланатын қалалық жедел жәрдем қызметтері  жұмысы қиындады. 

Венеция каналдарындағы су тартылып жатыр Фото: bloomberg.com

Италияның ең ірі өзені 61%-ға тартылды, оған қоса жауын-шашынның болмауы арналардың тартылуына әкелді, деп жазады inbusiness.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар мен экологиялық топтардың пікірінше, Альпі тауларында осы маусымда әдетте жауатын қардың жартысынан азы түскен. Сондықтан биылғы қыс аса құрғақтығымен ерекшеленеді.

Венецияда кейбір жерлерде су деңгейі нөлдік белгіден үш метр төмен. Мұндай көрсеткіш әдетте жазда байқалатын, бірақ қыста емес.

Итальяндық өзендер мен көлдер де судың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Солтүстік-батыстағы Альпіден Адриатикаға дейін ағып жатқан Италияның ең ұзын өзеніндегі судың 61%-ы тартылып қалған.

Соңғы екі аптада Еуропада антициклон басым болды, көптеген елдерде көктемнің соңына тән температура байқалады.

Жалпы қуаңшылық тек Италияда емес, бүкіл Еуропада болуы мүмкін деген қауіп бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу