Венеция тұрғындары қалаға келетін туристер санын шектеуді талап етуде

1106

Венеция тұрғындары қалаға келетін туристер санын шектеуді талап етуде

Венецияның жүздеген тұрғыны дүйсенбі күні қарсылық шеруіне шығып, қалаға келеті туристер санын шектеуді талап етті, деп хабарлайды "Интерфакс".

Шерушілер  атақты Риальто көпірінің үстіне "Veneхоdus" ("Венециядан шығу") деп жазылған баннер іліп тастады. Сондай-ақ олар  қаладан кетуді меңзеп, өте үлкен қызыл шабаданды көтеріп алып жүрді. Акцияның өту себебі – туристердің көп келуі баспана жалдау ақысын қымбаттатып, жергілікті тұрғындарға баспана жетіспеушілігін тудырған. Шеруді ұйымдастырған venessia.com қауымдастығының дерегіне зер салсақ, жыл сайын мыңдаған жергілікті тұрғын Венециядан басқа жаққа көшуге мәжбүр болады. Қаланың тұрғындары қазіргі таңда 55 мыңға азайған. 1951 жылы бұл көрсеткіш 175 мың адам болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу