Венецияда ең үлкен су тасқыны болды

5292

Атақты Сан-Марко алаңы су астында қалған.            

Венецияда  ең үлкен су тасқыны болды

Венециядағы су деңгейі 50 жылда бірінші рет қатты көтерлді, деп хабарлайды АНСА агенттігі.          

Сейсенбі күні кешке  су деңгейі  нормадан 187 сантиметрге көтерілді. Венециядағы су деңгейі соңғы рет 1966 жылы осылай көтерілген болатын. Ол кезде судың деңгейі 194 см жеткен еді. 

Су тасқыны нәтижесінде екі адам қайтыс болды .

Венеция қаласының көрікті жерлерінің бірі – орталық алаңы Сан-Марко су астында қалған. Қала көлігі кедергімен жұмыс істеуде. Қаладағы үш өзен тармвайы суға батып кеткен. қатты ағыс көптеген қайықтар мен гондолдарды жағадан алып кеткен.  

Таяу күндері судың көтерілуі Венеция үшін басты проблеманың бірі болмақ. Сәрсенбі күні су деңгейі 160 см болады. Бейсенбі 130 см-ге дейін түсіп, жұма күні қайта көтеріледі деп болжанып отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу