Венецияда Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды

360

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұсынылды. 

Венецияда Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды Фото: gov.kz

La Biennale di Venezia 2026 аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан павильонында руханият, мәдени сабақтастық пен тарихи жады тақырыптарын қамтыған "Qoñyr: Тыныштық архиві" көрмесі таныстырылды. Экспозиция дыбыс, кеңістік және визуалды өнер арқылы көрерменді ерекше атмосфераға жетелейді.

Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Қазақстанның Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев және La Biennale di Venezia 2026 президенті Пьетранджело Буттафуоко қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан павильонын Museo Storico Navale музейінде 2026 жылғы 22 қарашаға дейін тамашалауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу