Венецияға келетін туристер саны шектеледі

432

Саяхатшылардан алым алынатын болды.

Венецияға келетін туристер саны шектеледі Фото: Эдуард Гавайлер

Италияда енді Венеция қаласына кіретін саяхатшылар саны шектеледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Тиісті шешім осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге сай бір туристік топта адам саны 25-тен аспауы тиіс. Шара қаладағы қоғамдық тәртіпті реттеуге мүмкіндік береді, дейді жергілікті билік. Бұдан бөлек, саяхатшылардан алым алынатын болды. Оның мөлшері жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрмақ.

Айта кетейік, Венеция билігі 3 жыл бұрын тарихи орындарды қорғау мақсатында шаһарға ірі круиздердің кіруіне шектеу енгізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу