Венесуэла 17 мұнай кен орнын америкалық компанияға 100 жылға берді

1074

Аталған жерлерде шамамен 65 млрд баррель мұнай қоры бар деп бағаланады.  

Венесуэла 17 мұнай кен орнын америкалық компанияға 100 жылға берді Фото: npr.org

Венесуэланың уақытша билігі америкалық North American Blue Energy Partners (NABEP) мұнай компаниясына елдегі 17 кен орнын 100 жылға пайдалануға берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзара келісімге сәйкес, NABEP алғашқы 25 жыл ішінде өндіріс көлемінің өсуіне қарай Венесуэла үкіметіне роялти мен салық түрінде шамамен 200 млрд доллар төлеуі тиіс.

Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаментіне компания өндірген мұнайдың 20%-ын өзіндік құнымен сатып алу құқығы берілген. Бұл мұнай АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын толықтыруға және америкалық қарулы күштердің қажеттілігіне жұмсалмақ.

Өндірілетін мұнайдың қалған 80%-ы да америкалық сатып алушыларға басымдықпен ұсынылады.

Келісім аясында Венесуэланың мұнай инфрақұрылымын америкалық компаниялардың қатысуымен дамыту көзделген. Өндірілген мұнай АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу