Венесуэла АҚШ-қа 80 млн баррель мұнай берді

227

Бұл туралы Дональд Трамп Конгреске арналған жылдық жолдауында мәлімдеді.    

Венесуэла АҚШ-қа 80 млн баррель мұнай берді Фото: Reuters

АҚШ Венесуэладан ғаламдық нарықта сату үшін 80 млн баррель мұнай алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамптың айтуынша, Вашингтон Венесуэланың энергия ресурстарын экспорттауға бақылау орнатты, ал одан түскен қаржы осы елді қолдауға бағытталмақ. Ақшаны пайдалану АҚШ-тың арнайы шоттары арқылы іске асады.

Трамп сондай-ақ жолдауда "Вашингтон әлемдегі қақтығыстарды реттеуге және батыс жартышарда ұлттық мүддені түрлі озбырлық, лаңкестік, есірткі қылмысынан қорғауда алда болуға ұмтылады" деп мәлімдеді.

Дегенмен демократтар Трамптың жолдауы америкалықтардың жеке мәселесін шешуге бағытталмаған деп сынап отыр. Ал Трамптың жақтастары – республикалықтар керісінше "Трамп берген уәделерін орындап жатыр" деп жоғары бағалаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу