Венесуэла мен Гайана президенттері 14 желтоқсанда даулы аумақ бойынша келіссөздер жүргізеді

437

Бұған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро даулы Гайана-Эссекибо аумағын Венесуэлаға қосу туралы жарлықтарға қол қойды.  

Венесуэла мен Гайана президенттері 14 желтоқсанда даулы аумақ бойынша келіссөздер жүргізеді Фото: Reuters

14 желтоқсанда Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Гайана президенті Мұхаммед Ирфаан Али екі ел арасындағы даулы аумаққа қатысты келіссөздер жүргізеді. Ол үшін тараптар Сент-Винсент пен Гренадина елінде кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Венесуэланың Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Мадуроның Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силвамен және Сент-Винсент пен Гренадин премьер-министрі Ральф Гонсалвеспен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын.

Бұған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро даулы Гайана-Эссекибо аумағын Венесуэлаға қосу туралы жарлықтарға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу