Венесуэла ОПЕК-ке мүше емес елдерге ұсыныс жасады

1261

Венесуэла ОПЕК-ке мүше емес елдерге ұсыныс жасады

Венесуэланың мұнай министрі Эулохио Дель Пино ОПЕК-ке мүше емес елдерге  мұнай өндіру көлемін тәулігіне 400 000-500 000 баррельге қысқартуды ұсынды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазып отыр.

Дель Пино айтуынша, егер мұнай өндіруші елдер нарықты тұрақтандыру үшін әрекет етпейтін болса, алдағы қыста мұнай бағасы тағы да күрт төмендеуі мүмкін.

ОПЕК-ке мүше болып табылатын  шикізат қоры мол Венесуэла  нарықты тұрақтандыру үшін  әлемдік мұнай өндірушілер арасында келісімге келуді бастама еткен болатын. Бүгінде аталмыш ел мұнай котировкаларының құлдырауынан туындаған және азық-түлік тапшылығы мен елде инфляцияның етек алуына әкеп соққан экономикалық дағдарыс құшағында отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу