Венесуэла президенті Н.Мадуро елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушы болуы мүмкін

1074

Венесуэла президенті Н.Мадуро елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушы болуы мүмкін

Венесуэлада парламент ел президенті Николас Мадуроны мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырушы деп жариялады. Себебі парламентте көпшілік орынға ие оппозицияның пікірінше, Мадуро импичмент туралы референдумды болдырмай, Конституцияны бұзған. Осыған байланысты билікке қарсы күштер жаппай наразылық шеруін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін оппозиция Мадуроны биліктен кетіру үшін қол жинау шарасын жүргізген. Бірақ бірнеше күн бұрын Ұлттық сайлау кеңесі Мадуроны биліктен мерзімінен бұрын кетіру туралы референдумды өткізбеу жөнінде шешім шығарып, оны тоқтатып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу