Венесуэла жарықсыз қалды

912

Бұған электрмен жабдықтау жүйесінің істен шығуы себеп болған. 

Венесуэла жарықсыз қалды

Венесуэлада 2 миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, Эль-Табласо мен Сулияға дейінгі аралықтағы электр жүйесі істен шығып, бірнеше елдімекен электр қуатынан ажыратылды. Қазір осы жағдайға байланысты Corpoelec жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ жарықтың қашан қосылатыны жарияланбады.

Мұндай жағдай Венесуэлада бірінші мәрте болып отырған жоқ. Осыдан 2 ай бұрын елдің бірнеше ауданы жарық көзінсіз отырған болатын. 

Ал наурыз айында елдің 23 штатының 18-і электр дәл осындай күй кешкен еді. Ол кезде тіпті кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жұмысын бір аптаға тоқтатуға мәжбүр болған. 
Сарапшылардың айтуынша, Венесуэладағы мұндай оқиғаларға инфрақұқрылымға бөлінген инвестиция көлемінің аздығы мен жабдықтардың ескілігі себеп. Ал елдің байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригестің ойынша, қазіргі билікке қарсы топтар электр жүйесіне әдейі шабуылдар ұйымдастырып жүрген көрінеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу