Венесуэлада 1,2 мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

286

Президенттік сайлау нәтижелеріне наразылық білдірушілердің қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарында 17 адам қаза тапты.

Венесуэлада 1,2 мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды Фото: © globallookpress.com

Венесуэладағы президенттік сайлаудан кейін тұтқындалғандардың саны 1,2 мыңнан асты. Бұл туралы Боливар Ұлттық гвардиясының мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Хабарламаға сәйкес, қамауға алынған белсенділер АҚШ, Перу, Чили мен Колумбияда арнайы дайындықтан өткен. Билік оларды "көшеде терроризм мен зорлық-зомбылық тудырды" деп айыптайды.

Ел президенті Николас Мадуроның айтуынша, елге АҚШ-тан келген венесуэлалықтардың 80 пайызы қылмыстық әрекетке тартылған.

Боливар Республикасының Бас прокуроры Тарек Уильям Саабтың айтуынша, наразылық кезінде қауіпсіздік күштерінің 77 қызметкері зардап шеккен.

Президенттік сайлау Венесуэлада 28 шілдеде өтті. Венесуэланың Ұлттық сайлау кеңесі қазіргі Мемлекет басшысы Николас Мадуро үшінші алты жылдық мерзімге қайта сайланып, 51,2% дауыс жинады деп жариялады.

Оппозиция сайлау нәтижелері бұрмаланған деп мәлімдейді.

Сайлау нәтижелеріне наразылық білдірушілердің қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарында 17 адам қаза тапты, оның ішінде әскери қызметші де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу