Жексенбіде Венесуэла әскери-әуе күштерінің Су-30МК2 көп мақсатты жойғышы Миранда штатында жаттығу кезінде апатқа ұшырады, ұшқыштардың бірі қайтыс болды.
Ұшқыштар катапультация жасап үлгерген, бірақ әуе кемесінің командирі, полковник Паулино Хосе Миллан Сабино қону кезінде қайтыс болды. Ұшақ 5 шілдеде Венесуэланың Тәуелсіздік күніне арналған шеруге дайындық кезінде апатқа ұшырағаны атап өтілді.
Венесуэла президенті және Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Николас Мадуро қайтыс болған ұшқыштың отбасына көңіл айтып, ұшақ апатының себептерін тергеуді бастауға бұйрық берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу