Венесуэлада баға өсімі 5500%-дан асып кетті

585

Қараша айында инфляция қарқыны жылдамдап, 35,8% жеткен.

Венесуэлада баға өсімі 5500%-дан асып кетті

Елдегі Ұлттық ассамблеяның қаржы жөніндегі комитетінің дерегі бойынша, қараша айында инфляция 35,8%-ға жетті. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.

Соңғы 11 айда Венесуэладағы инфляция 5,51 мың пайызға жеткен. Ал парламент  депутаттарының мәліметіне сүйенсек, бағалар өсімі 13,4 мың пайызды құрайтын көрінеді. 

"Қараша айында инфляция қарқыны жылдамдап, 35,8% жеткен. Елдің бірқатар тұрғыны доллар тапшылығын бастан кешуде, соның кесірінен оларға Рождество мейрамын тойлау қиынға түсейін деп тұр",– дейді қаржы комитетінің өкілдері. 

Айта кетейік, қазір Венесуэла экономикалық және әлеуметтік дағдарысты бастан кешіп отыр. Елдің мұндай жағдайға душар болуына америкалық санкциялар түрткі. Ел билігі болса, Вашингтонның әрекеттері еш нәтиже бермеді, Ақ үй Николас Мадуро үкіметінің беделіне түсіруге қауқары жетпеді деген позицияны ұстануда. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу