Венесуэлада 2020 жылы бағаның өсу көрсеткіші шамамен 3000% болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ABS-CBN басылымына сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, инфляция деңгейі 2 959,8%-ға жеткен. Бағаның ең минималды өсімі наурызда (13,3%), ең жоғары өсімі желтоқсанда (77,5%) тіркелді.
Қаржы реттеушісі бұл көрсеткіш 2019 жылы 9 585,5% болғанын мәлім еткен еді.
Венесуэла соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Ұлттық валюта құнсызданып, қажетті тауарлардың жетіспеушілігі орын алды. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, 4,5 миллионға жуық адам басқа елдерге көшіп кеткен.
Табиғат Нұрболат
Фото: ft.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу