Венесуэлада түрмедегі өрттен 68 адам көз жұмды

843

Венесуэлада түрмедегі өрттен 68 адам көз жұмды

Венесуэланың Валенсия қаласында түрмеде болған бүлік пен өрттен  ең кемі 68 адам көз  жұмды, деп хабарлайды obozrevatel.com.

Түрмеге тұтқындардың туыстары жиналып, полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Қаза болғандардың арасында тұтқындармен қатар полицейлер де бар. 

БАҚ қамаудағылар қашу үшін төсеніштерді өртеген, бензин шашқан, деген сыңайлы түрлі ақпарат таратуда. Дегенмен, билік әзірге оқиғаның егжей-тегжейі туралы ресми түсінік берген жоқ. Тексеру жүргізіліп жатқанын ғана айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу