Венесуэлада жаппай ереуілдер тыйылмай тұр

591

Венесуэлада жаппай ереуілдер тыйылмай тұр

Наразылық шаралары ел астанасы Каракас пен тағы 20 қалада өткен. Жергілікті ақпарат құралдары ереуілдер кезінде 3 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Ел президенті Николас Мадуро қарулы күштерді жоғары дайындық жағдайына көшіруге бұйрық берді.

Айта кетейік, сәуірдің басында жоғарғы сот елдегі заң шығарушы орган – ұлттық ассамблеяның билігін шектеу туралы шешім қабылдаған. Алайда артынша оны кері қайтарғанына қарамастан Венесуэлада жаппай ереуілдер белең алды.

Көп жағдайда наразылық шарасы полицейлермен қақтығысқа ұласып жатыр. Тәртіпсіздікке байланысты жарты мыңнан астам адам тұтқындалған. Олардың тең жартысы әлі күнге дейін қамауда отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу