Венесуэладағы аймақтық сайлау 2017 жылға белгіленді

1103

Венесуэладағы аймақтық сайлау 2017 жылға белгіленді

Венесуэла билігі алдағы желтоқсанда өтуге тиісті аймақтық сайлауды жарты жылға шегерді. Саяси науқан енді 2017 жылы өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Венесуэланың ұлттық сайлау кеңесінің басшысы мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, науқанның кейінге шегерілуі елде белең алған экономикалық дағдарыстан кейін абырой-беделінен айырылған Бірыңғай социалистік партия мен президент Николас Мадура үшін өте тиімді. Еске сала кетейік, әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандағалы Венесуэла экономикалық және қаржылық дағдарысқа тап болды. Инфляция күрт артып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығынан ел гуманитарлық дағдарыстың аз-ақ алдында қалды.

24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу