Венесуэладағы АҚШ елшіліктері жабылады. Осылайша екі ел көшбасшысы арадағы дипломатиялық қарым-қатынасын біржола үзбек ниетте, деп хабарлайды 24.kz.
Жуырда жоғарғы сотта сөз сөйлеген Венесуэла президенті Николас Мадуро дипломатиялық корпустардан АҚШ елшілерін 3 тәулік ішінде елден кетуін талап етті.
Естеріңізге салайық, жуырда Венесуэлада оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо өзін-өзі елдің уақытша президенті деп жариялады. Ал Вашингтон оны Венесуэланың мемлекет басшысы ретінде мойындап үлгерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу