Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады

670

Дүйсенбі күні Венесуэла үкіметі ұлттық валюта - боливарды деноминациялап, 5 нөлін алып тастаған еді.

Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады

Венесуэланың қаржы жүйесі криптовалютаға тәуелді болады, деп хабарлайды 24.kz.

Венесуэланың Ұлттық ассамблеясы президент Николас Мадуро жариялаған экономикалық шараларға қарсы. Дүйсенбі күні Венесуэла үкіметі ұлттық валюта - боливарды деноминациялап, 5 нөлін алып тастаған еді.

Жаңа ақша Венесуэлада енгізілген криптовалюта - петроға тәуелді болмақ. Ал боливардың айырбастау бағамы 96 пайызға төмендетілгеннен кейін елдің берекесі кетті. Дүкендердің көбісі ашылған жоқ, жолақысын қалай төлейтінін білмеген жұрт, автобус аялдамаларында ұзын-сонар кезекте тұр. Венесуэла вице-президенті болса, ақша реформасынан кейін ел экономикасын тұрақтандыруға 90 күн қажет деп мәлімдеді.

Соңғы жылдары Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп отыр. Елде инфляция. Тұрмысқа қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек тапшы. Көптеген тұрғын өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, 2 миллионнан астам адам көрші елдерге қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу