Венгрия 2024 жылы еуро аймағына кіруге ниетті

595

Венгрия еуро аймағына 2024 жылдың соңына дейін кіруге дайын. 

Венгрия 2024 жылы еуро аймағына кіруге ниетті Фото: Известия

Бұл болжамды бейсенбіде Венгрияның мемлекеттік бюджеттің дамуы мен орындалуын бақылау үшін кең өкілеттіктерге ие қаржы кеңесінің төрағасы Арпад Ковач жасады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Венгрия 2024 жылдың соңына қарай Маастрихт критерийлеріне сәйкес бола алады", — деді ол Секешфехервардағы Фейер облысының сауда-өнеркәсіп палатасында сөйлеген сөзінде.

Еуроаймаққа кіру үшін қажетті елдің қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты мұндай критерийлер 1992 жылғы Еуропалық одақ туралы шартта белгіленген. Олар қаржы жүйесінің тұрақтылығын, баға деңгейін және валюта бағамының тұрақтылығын бағалайды.

Ковач 2024 жылдың жазына қарай Венгрияда тұтыну бағасының өсуі 3%-ға дейін төмендеуі мүмкін, мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 70%-нан төмен деңгейге дейін қысқарады және бюджет тапшылығы шамамен 2,9%-ға тең болады деп санайды.

Оның бағалауы бойынша, биыл Венгрияның ЖІӨ өсімі шамамен 1% құрайды, бірақ келесі жылы бұл көрсеткіш 3,5−4% дейін артады, деп хабарлады MTI ақпарат агенттігі.

Еуро аймағына кіру мәселесі 2004 жылы ЕО-ға қосылғаннан бері Венгрияның бас ауруына айналды. Үкімет бұл ел әлі ондай қадамға бара алмайтынын бірнеше рет айтты, өйткені ол экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алмайды, соның ішінде өзін-өзі басқаратын ақша-қаржы саясатынан айырылады.

ЕО шеңберінде жұмыс істеп тұрған валюталық одаққа мүше 20 елдің ресми валютасы еуро деп танылған. Венгриядан басқа, ЕО мүшелері арасында Болгария, Дания, Польша, Румыния, Словакия, Чехия мен Швеция әлі бірыңғай валютаны пайдаланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу