Венгрияның Қазақстандағы елшілігі Stipendium Hungaricum шәкіртақысына ие болудың шарттарын көпшілік назарына ұсынды. Құжат тапсыру шарттарын www.stipendiumhungaricum.hu сайтынан табуға болады. Құжат өткізу мерзімі 15 қарашадан 15 қаңтарға дейін жалғаспақ.
"Оқу шығынын Венгрия үкіметі көтереді. Үміткерлердің екі ай уақыты бар. Осы аралықта қажет құжаттарды дайындап, электронды тәсілмен жолдай алады", – делінген Венгрия елшілігі таратқан мәліметте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу