Венгрия мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатын өткізуден бас тартты

582

Мұндай шешімге келуге көршілес Украинадағы соғыс әсер еткен.

Венгрия мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатын өткізуден бас тартты Фото: Liga.net

Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы мұндай жоғары деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға қаржыландырудың жоқтығын алға тартты, деп жазады inbusiness.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Венгрия көршілес Украинадағы соғыс елдің экономикасына қатты әсер еткенін алға тартып, мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан бас тартты.

Нәтижесінде Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы шұғыл түрде қаңтарда өтетін жарыстың жаңа ұйымдастырушысын іздеуге мәжбүр.

Ұйым спортшыларды қабылдауға дайын ұйымдастырушылардан өтінімдерді 26 мамырға дейін қабылдайтынын хабарлады.

Биылғы жарыс қаңтар айында Финляндияда Ресейдің қатысуынсыз өтті, себебі Украиндағы соғыс басталғалы бері ресейлік спортшылар Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының қамқорлығымен өткен жарыстардан шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу