Венгрия мен Ресей энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

578

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Венгрия СІМ басшысы Петер Сийярто БҰҰ БА алаңында өткен кездесу барысында қолайсыз халықаралық жағдайға қарамастан, екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығын талқылады, деп хабарлады РФ СІМ. 

Венгрия мен Ресей энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

"Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ресей мен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ қолайсыз халықаралық жағдайды ескере отырып, энергетика саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың практикалық міндеттерін талқылады", – делінген кездесу қорытындысы бойынша хабарламада.

Динара Мұрат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу